Бұл қазақ Семей полигонын әлі ұмытпады
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18,5 мың шаршы шақырым жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды.
Бастапқыда адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады.
Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.
Маңайдағы Қайнар ауылының оқушылары шағын жер сілкінісінен кейін пайда болған ядролық саңырауқұлақты көру үшін көшеге жүгірген, қауіпті екенін ешкім ескертпеген. Ал ауыл балалары үшін бұл шынымен де қызықты көрініс болды.
Өйткені ешкім оларға атом бомба жарылысының қаншалықты қауіпті екенін айтқан жоқ. Қазір ол балалар – бүгінгі ересектер, тұқым қуалайтын ауруларға ұшыраған, ерте қартаю және қатерлі ісікпен ауырады. Жергілікті дәрігерлер тіпті бұл аурулардың жалпы атауын — Қайнар синдромы деп атайды.
Осыдан 35 жыл бұрын, 1989 жылдың қазан айында Семей ядролық полигонында соңғы ядролық сынақтар жарылды. Жалпы, 40 жыл ішінде қазіргі Абай ауданы маңында 616 ядролық және термоядролық бомбалар жарылған.
Семей полигоны – қазақ топырағында 40 жылдан астам уақыт бойы қансыраған өлке. Ядролық, термоядролық және сутегі қаруларының 468 жарылысы: 22 килотоннан 1,6 мегатоннаға дейін.
Қазақстан халқы қырық жыл бойы (1949-1989) зерттеу зонасына айналып, қырық жылдан соң ғана Қазақстан өзінің жаңа мемлекет құру стратегиясын ұстана отырып, әлемдік тарихта ядролық сынақ полигонын жауып, жаппай қырып-жою қаруының арсеналынан өз еркімен бас тартқан алғашқы мемлекет болды.
Енді АЭС… Халық шыр-шыр етеді.
Ватсаптан:
— Атом зардабын шеккен полигондағы мекен-жай тұрғындарының айлығына бар-жоғы 4500 теңге қосылады.
— Біздің Үржар ауданы экологиялық апаттық аудан деп есептелмеген! Ал обыр ауруы өршіп тұр ! Қаншама туыстарым , көршілерім , жəйғана таныстарым осы обырдан көз жұмды! Ал экологиялық апаттық аймақ деген дәреже ауданымызға берілген жоқ!
— Атом жарылысы зардаптары ген қуалап жатыр. Адамдардың бет-әлпеттері де өзгеріп кеткен…
— Қол-аяғы жоқ сәбилер, ергежейлілер дүниеге келіп жатыр…
АЭС! Соғысқұмар президенттер отырған заманда қаншалықты қауіпсіз?
АЭС-тен кейін қалатын 1000 жылдық радиацияны біздің ұрпақ қарауылдап отырады ма?
Мен ұрпаққа қансыраған жер мен тәуелсіз мемлекет қалдыруға қарсымын!
Ақмарал ШАТЕМІРҚЫЗЫ, білікті ұстаз.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.