Баланың ұйқысын ұрлап, қиянат жасап отырған жоқпыз ба?

0
746

Бұл әлі жылдағы балаға жасалатын зорлықтың басы, сағат 7:55, көшенің бәрінде сабаққа енді бара жатқан балалар. Ал бала сабаққа 10 минуттай бұрын келіп, сабаққа дайын отыруы қажет, яғни бірінші сабақ баррлық мектепте толық басталмайды деген сөз..

Қазан айынан бастап бұдан да өршиді.

Басқарма бала басына бір аңдушы қойса да оны реттей алмайды, тек баланы да қинайды, конфликтілікті арттырады, себебі бұл ересектердің ұйқы/сергектік уақытынан ерекше, баланың табиғатына қайшы, сондықтан бұл — зорлық!

Яғни балалар арасындағы конфликттік, ассоциалдық, буллингті Білім басқармалары  баланы қинап, зорлық көрсетіп  өздері арттырып отыр деген сөз.

Себебі Қызылордаға 2 сағат озықтықтың 1 сағатын 2018 жылы қайтарғанмен, 2022 жылдан сабақты сағатқа сыйғыза алмаған білім «реформасымен» оның басталуын сағат 8:00 жылжыттық.

Бұдан біздің балаларымыз +5 сағаттық белдеуімен емес, +5,5 яғни өз табиғатынан 1,5 сағатқа озық өмір сүріп жатыр, баланың психикалық денсаулығын бұзатын, басқа да ең қауіпті салдарлы  SJL, social jetlag, әлеуметтік десинхроноз  деген де осы.

Балаларды қинап қойып Қызылорда қаласының Білім басқармасы, Қызылорда Облысының Әкімдігі, бөлімдері өз жұмысын сағат 9:00 бастайды.

Қазан айынан бастап балалардың сабағын бұрынғыдай сағат 8:30 басталуға тиіс.

Жеке мектептер сабағын 8:30 бастайды, балалар  жатып оқитын  Түрік лицейлерінде жолға уақыт шығыны жоқ, әрине сосын білімі артық болады, ғалымдар оны зерттеп қойған, соның ішінде античасперлер бізді «қолдады» деп айтқан Мэри Карскэйдон зерттеулерін қараңыз.

Болмаса басқарма мен әкімдіктер де жұмысын сағат 8:00 бастасын

РS. Айтпақшы, табиғи уақытқа қарсы, өзі педагог,  Өмір Шыныбеков ағамыз балалардың таңертеңгілік жағдайы қалай болғанын әлі көрмей жүр ме екен?

Болат НҰРҚОЖАЕВ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.