«…көрсеткіші төмен мұғалімнің қолын қайырып, дұрыс баға қойдырамыз ба?» дейді білікті ұстаз

0
1568

Мынау нысаналы мектепке қатысты тестің әлі екі модульі бар екен. Алдыңғы екеуін тапсырғанмын. Үшіншісін жауып тастапты. Қиын қылды.

Енді алда төртінші бесінші сынақтары бар дейді. Ең қызығы ,  соңы немен аяқталады.Ешкім білмейді.

943 мектеп қандай критерий бойынша таңдалды? Көрсеткіші төмен бе? Мен ,тәжірибелі мұғаліммін. Жыл басында баға төмен болып,жыл соңында барлығын дұрыстайтын қарапайым формуланы жақсы білемін. Ресми тілмен айтқанда өсім бар. Мүмкін басқа пәндерде нашар шығар?

Онда кешіріңіз, ҒаниБектайұлы. Тарихшы мұғалім неге басқа пән үшін қиналу керек? Матем ба,химия ма,биология ма? Тарихшы осы пәндердің кемшілігі үшін неге тест тапсыру керек?Қандай смысл?

Әлде ,мушкетерлар сияқты біріміз бәріміз үшін,бәріміз біріміз үшін деген орта ғасырлық  ұран ба? (мушкетерлардың прототиптері орта ғасыр аяқталар кезде өмір сүрген) . Енді көрсеткіші төмен мұғалімдердің қолын қайырамыз ба?

Бағаны дұрыстап қой деп. Мұны бір кездерде бастан кешкенбіз. Реитинг деген ұғыммен. Жүз қойдан жүз елу қозы алдық дегендей заман болған.

Нысаналы мектептен басқа да ұсыныстар, курстар , флеш мобтар,конкурстар  тағы бірдеңе -сірдеңелер толып жатыр.

Бұлар мұғалімнің негізгі жұмысы сабақ өтуден тыс  уақытта орындайтын міндеттері екен. Сонда деймін, ау, мұғалім қашан сабақ өтеді?Қашан демалады?

Нысаналы мектепке қайта келейік. Меніңше  нысаналы мектептің идеясы сол баяғы өтірік бағаны қою заманына қайта алып келеді.

Көрсеткішің нашар болса нысанаға ілігіп,тізімге кіресің, сондықтан аспаннан баға алсаң да көрсеткішті түзе дейтін директорлар шығады. Модуль-содуль деп жүреміз сосын.

Модуль деген не деп қарай салдым википедиядан. Теория, жаттығу және методикалық көмек екен.  Демек , нысаналы мектептердің мұғалімдерінің білімі қосымша көмекті қажет етеді деген сөз. Қысқаша, сауатсызбыз.  Өзімді кереметпін деп жүрсем.

Сұлтан СҮЛЕЕВ, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.