«Жесір әйел орамал тақпайды, сәлем салмайды» деген қисынды ма?

0
1754

Әлеуметтік желіде күйеуі қайтыс болған әйелге қатысты ырым-тыйымдар талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

ТикТок әлеуметтік желісінде болып жатқан талас-тартыс пікірде бір тарап «жесір әйел орамал тақпай, күйеуінің жылдық асына дейін тартпай, шашын жайып жүрген. Жесір әйел үлкендерге сәлем салса, марқұм күйеуіне ауыр болады», «жесір әйел сәлем салса, тағы күйеуге тигісі келгенін білдіреді», «сәлемді күйеуінің амандығы үшін салады» десе, екінші тарап «жесір әйел орамалын тастамай тағады, сәлемін үзбей салады. Онда тұрған ештеңе жоқ» деп өз білгендерін жазуда.

Фото интернеттен көрнекілік үшін алынды. 

Пікірталасты төмендегі сілтемеге өту арқылы оқи аласыздар.

https://www.tiktok.com/@k_perizat0/video/7420272789774503173?_r=1&_t=8qAtrDEJCpJ