Өзгенің жанын жаралама, өз жаныңды таза сақта

0
16

Бала кездегі травманы сылтау қып, анау-мынауды еске түсіріп, ностальгия жасап алдық. Ал енді салмақты қарасақ. Өте ауыр проблема бұл.

Шешеңнің құйрықтан бір салып қалғаны, әкеңнің бір ақырғаны, т.б. ол травма емес. Біз нағыз травманы бастан кешіп көрмедік, сол үшін күлкіге айналдырып жатырмыз.

Псих.травма бұл біреуге жүйелі түрде қысым көрсетіп, не ауыр жағдайға тап болып, ал оның оған қарсы тұруға шарасыз болуы, жалғыз қалуы.

Билли Миллиганды өгей әкесі зорлап, психологиялық қысым көрсетіп, қинағанда, бала бірнеше тұлғаға бөлініп кетті. Яғни, бала өзінің қиялында өзін әлгі қысымнан қорғауды армандап, ми ол баладан күшті адамды бөліп шығарады. Әлсіз бала әлі келмеген, қорыққан кезде, жаңағы күшті бала шығады да күреседі. Олар мүлдем бөлек мінез көрсетеді. Жаңа жылап тұрған адам кенет басқа дауыспен сөйлеп, шатақ мінезді боп, өзіңді ұрып жығады, сосын қайтадан жасқаншақ балаға айналады. Билли әртүрлі жағдайға байланысты 20 шақты тұлғаға бөлінген.

Ондайды қазақтар жын деп, молдаға оқытады. Жын емес, адамның өзі ол. Оқыту самовнушение беріп, тыныштандыруы мүмкін, бірақ ол бәрібір қайта шығады.

Сол үшін мықты психотерапевт керек. Биллиді ең үздік деген психотерапевттер азартқа кіріп, бір жылдан аса емдеген, барлық тұлғаны қосып, бір тұлға ғып, емдеп шығарды.

Тұлғаға бөліну міндетті емес. Қылмыстық хрониканы оқып тұрамын. Сонда бір әйел бала кезде көрген қысымнан қатты травма алған, өзі норм болғанмен, алған травма бомба боп жата береді, бір күні триггер — түрткі жасайтын оқиға болуы мүмкін, әйел күйеуге шыққанда енесі токсик болып, күн көрсетпей қойған. Сол кезде әйелдің травмасы оянып, шатыры кетіп қалады. Ол енесіне у беріп өлтіреді. Сәл ұнамаған, қарсы сөз айтқан адамдардың барлығына у беріп өлтіріп отырады, өзі күлегеш, көңілді әйел болған. Күлегеш деген атпен қылмыстық хроникаға енген. Оны ұстап, қамайды.

Біздің бала кезімізде өзіміз мойындамасақ та, травма берген жағдайлар болуы мүмкін. Бомба секілді тыныш жатып, бір күні жарылуы мүмкін.

Немесе, ересек кезде алған травмалар бар. Өмірде неше түрлі адамдар кездеседі, токсик адамдар, амалсыз араласуға тиіс жақын туыстар, ауру, тапшылық, кредит т.б. оның бәрі стресс.

Ал жүйке біреуде темірдей, біреу пофигист, біреу өте сезімтал және көмекке мұқтаж. Әркімнің қабылдауы әртүрлі. Сондықтан біреуге ерунда боп көрінген нәрсе біреуге ақырзаман. Әлсіз екен деп кемсітпей, адамның сондай адам екенін қабылдау керек.

Алдын алу үшін әр адам өзінің ойында, іс-әрекетінде әлдебір дұрыс емес екенін сезетін ой , әрекетті бақылап, байқаса, дәрігерге жүгінгені не медитация жасап па, саналы түрде өзіңді емдеп, жаңағыны жою керек.

Айла КЕР, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.