Мақал-мәтелдеріміз де өзіміздікі емес екен

0
227

Әлеуметтік желіде тараған видеода дін адамдарының бірі “Қазақ мақал-мәтелдерінің өзі де хадистерден алынған” деп айтты, деп хабарлайды Democracy.kz

Автордың айтуынша, қазақ ежелден бері мұсылмандықты ұстанып келеді. Оның айқын дәлелі – қазақтың мақал-мәтелдері. Бұл мақал-мәтелдердің көпшілігі хадистер мен Құран аяттарынан алынған.

Автордың пікірінше, қазақ ата-бабаларымыз хадисті сол күйінде, ешқандай өзгеріссіз, өскелең ұрпаққа жеткізіп отырған.

Сондықтан қазақтың дінді білмегені туралы айту дұрыс емес. Ата-бабаларымыз дінді терең түсініп, оны өз өмірлерінде қолданған және осы құндылықтарды мақал-мәтелдер арқылы ұрпақтарына жеткізген.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.