«Жындарға сенемін» дейді танымал режиссер

0
229

Қазақстандық танымал режиссер Ақан Сатаев хоррор жанрындағы алғашқы фильмін жарыққа шығарды. Режиссердің бұл шешіміне не түрткі болды? Ол шын өмірде тылсым дүниелерге сене ме? Massaget.kz тілшісі Ақан Сатаевтың тұңғыш хоррор фильмінің тұсаукесерінде аталмыш сұрақтарға жауап алды. 

«Әнел» vs «Аннабель»

Ақан Сатаевтың жаңа жанрда бақ сынаған фильмі «Әнел» деп аталады. Бір отбасының құпиясы жайлы сыр шертетін кинотуындының сценарийі екі жыл бұрын жазылған екен. Режиссер фильмнің атауы неліктен «Әнел» аталғанын түсіндіріп берді.

«Дәстүрден» кейін қалыптасқан дәстүр ме?

Ақан Сатаев көрермен хоррор жанрын түсірместен бұрын көрерменнің қабылдауына қатысты уайымы болғанын жеткізді. Оның сөзінше, бұған дейін халық жақсы қабылдаған «Дәстүр» фильмінен кейін хоррор жанры қазақстандықтар үшін үйреншікті жанрлардың қатарына қосылып келеді.

«Комедияға үйреніп қалған халық үшін жаңа жанр таңсық дүние деуге келмейді. Әрине уайым болды. Десе де, мақсат касса жинау емес. Көрерменге берері бар дүние ұсыну болды. «Дәстүр» фильмінен кейін халық үйреніп те қалған сияқты. Алайда, біз бұл сценарийді, жалпы хоррор жанрын түсіруді екі жыл бұрын қолға алдық» деп жауап берді ол.

«Тылсым күштің барына сенемін» 

Режиссер өзі тылсым күштердің барына сене ме? Кинода тылсым күштерді бейнелеуіне не себеп болды? Өмірде осындай жайттарды бастан кешкен бе?

«Жындарға, тылсым күштердің барына сенемін. Олар әрине бар. Алайда, Құдай сақтасын мұндай жағдайларды көзбен көрген емеспін. Өмірде кесе-көлденең жолыққан да емеспін. Діни әдебиеттерде тылсым нәрселер туралы көп жазылған» дейді Сатаев.

Фото интернеттен алынды.