“Балаңызға “харам” аяқкиім кигізбеңіз” дейді тиктокер

Тикток әлеуметтік желісінде “харам” мен “халалды” ажыратып беруші блогердің бірі Илхам есімді жігіт ата-аналарға ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.
Илхамның айтуынша жұртқа танымал брендтегі көп аяқкиім “харам” екен.
“Достар, аяқкиімдегі мынадай үш тесікті балаңызға алып бермеңіз. Өйткені аяқкиім терісіндегі бұл үш тесік – бұл заттың шошқа терісінен жасалғанын білдіреді” дейді.
Илхамның бұл видеосына қатысты оқырманы “қумашы, онда баламыз жалаңаяқ жүрсін 7 ғасырдағыдай”, “өтірік! Шошқа терісінен жасалғанымен, аяқкиімді бала жемейді ғой”, “мұндай хадис жоқ, құранда да айтылмаған” деген пікір жазуда.
Фото көрнекілік үшін.
Watch on TikTok