“Динара Сәтжанға “қой!” дейтін ешкім жоқ па?” дейді қоғам белсендісі

Қазақтың әдет ғұрпын, салт—санасын осы бір ғана видеосымен бұзып отырған мына Динара Сәтжан сияқтыларға қой дейтін қазақта апа, әже қалмаған ба, а?
Баласы армиядан келген жалғызбасты әйелдің «қыз жасауы» дегені не?
«Қыз жасауы» әуелде қыз баланың анасы жинап бастайтын, кейін бойжеткен қызын араластыра отырып— толықтайтын, тұрмысқа шыққанда артынан баратын дүниесі емес пе?
Бір рет босаға аттап, кейін оны тастап шыққан әйелдің «жазасы» — тек қыз баласына көрсетілетін құрметтен шектеу емес пе?
Осы отқа да, боққа да түспей-ақ қояйын деймін кейде.
Бірақ, қасиетті ұғымдарымызды тапталып жатқанда, қалай қарап отырасың, айтшы?
Қазақты қазақылықтан бездіруге 5 млн подписчигі бар Баян мен, 2 млн подписчигі бар Динара-ақ жетіп тұр.
Мәдениет миистрі А. Балаеваның бұлармен ісі барына күмәндімін.
Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.