ҚТЖ пойызы өз жұмысшыларын басып кетті
Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік аралығында пойыз адамдарды басып кетті. Екі теміржол қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Қазақстан темір жолының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәлімет бойынша, 21 қаңтарда сағат 7:27-де Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында жазатайым оқиға болған. Салдарынан екі қызметкер қаза болды.
Пойыз машинисі жедел тежеуді іске қосқан, алайда қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.
«Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барды. Тексеру басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтады және оларға қажетті көмек көрсетеді», — делінген ресми жауапта.
Фото ашық дереккөзден алынды.