Шымкентте жалған «Nestle», «Kit Kat» өнімдері сатылған
Шымкентте танымал «Nestle» маркасының 48 мың жалған тәттісі тәркіленді. Бұл туралы OTYRAR басылымы жазды деп хабарлайды Democrat.kz.
Тауарлар «Kit Kat» және «Nesquik” сынды танымал брендтердің атын жамылған.
Жалған өнімді Шымкентте “Б” ЖШС компаниясы көтерме сауда арқылы сатып, таратқан. Тексеріс «Nestle S.A.» компаниясы арызданғандықтан жасалды.
“Қазіргі уақытта іс материалдарын Шымкент қаласы әділет департаменті қарап жатыр. Тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін компания иесін жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр”, – делінген әділет министрлігінің ресми мәлімдемесінде.
Құқық иесіне келтірілген шығын көлеміне қарай іс материалдар сотқа немесе экономикалық тергеулер қызметіне жіберіледі. Айыпты тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады.
Фото ашық дереккөзден алынды.