“Ш.Уәлиханов- ғарышкер” дейтін ұрпақ келді

0
136

Қазіргі қоғамның сауатсыздануы шарықтап бара жатқаны сонша, қарапайым дүниелерді білмейтін ұрпақ бой көтерді. Тарих пен әдебиеттен хабарсыз сол ұрпақтың масқара “білім деңгейі” туралы “Еуразия-1” арнасының “Айна” бағдарламасының сюжетінде айқын көрініс берді деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.

Қазіргі кезде қаладағы көше атауларының кімнің атында, ол адам тарихта кім болғанымен жастардың бас ауырта бермейтіні белгілі болды. Мысалы, Сәкен Сейфуллин көшесін “Сейфуллина”, Күйші Динаны- “Кюшюдина”, Абайды-Абая дейтіндер аз емес. Бұл үлкен қателік.

Осыған орай арна тілшілері көшеде жастарды тоқтатып, көшеге есімі берілген кісінің кім болғанын сұрады. “Иманова көшесі. Иманованың кім екенін білмеймін”, “бұл — Валиханова көшесі, Валиханованың кім екенін білмеймін” десе,

ал енді бір жас қыз “Валиханов был вроде косманавтом” деп айды аспанға шығарды. Сұрау салған ондаған кісінің жартысынан көбі көше атауы берілген кісілердің кім екенін білмейді. Өкінішті. Ал сіз өзіңіз тұрған көше аты кімнің атына берілгенін білесіз бе?

Фото ашық дереккөзден алынды.

@1tvkz1

♬ оригинальный звук — «Еуразия» Бірінші арнасы