Нұрлан Қоянбаев: «Әрине, көңілімізге тиеді»

0
339

Белгілі әртіс, кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев  «Мархабат» бағдарламасында қазақстандық кино көрерменге қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы.

Нұрлан Қоянбаев елімізде комедия жанрындағы фильмдер неғұрлым көп болса, соғұрлым кино саласының дамуы күшейетінін айтып, отандық фильдерді қолдауға шақырды.

«Комедия жанрында жұмыс істейтін барлық әріптестеріме алғыс білдіргім келеді. Кино ғана емес, сахнада да түрлі вайндар жасап жүрген азаматтарымызды қолдауымыз керек. Комедия жанры түрлі өткелдерден өтті. Осынау киноларды өз қазағымыз жасауда. Осындайда отандастарымыздан жылы сөз естігің келеді. Ал біздің құрметтеп жүрген бір бауырымыз “Ой, Тұрсынбек-клоун, Нұрлан-клоун” депті. Әрине, мұндай сөздер көңілімізге тиеді” дейді актер.

Фото ашық дереккөзден алынды.