«Әмин» дегені үшін таяқ жеген

0
295

Әлеуметтік желіде мешітте болған төбелестің видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.Желі қолданушыларының айтуынша, төбелес Сарыағаш қаласындағы «Abdusattar» мешітінде болған. 

Имам «намаз үстінде «Әмин» деген сөзді дауыстап айтуға болмайды» деп ескерткен. Алайда бұл ескертуді елемеген бір адам «әмин» деп дауыстап айтқан. Бұған шыдамаған біреу әлгіні бетінен ұрып, шалқасынан түсіреді.

Желі қолданушылары оқиғаның қызу талқылап жатыр.

«Бұл клоундардың жауабы дайын ғой – «Алланың қалауымен ұрған ғой, Алланың қалауы солай болар?», «Секта арасындағы алауыздық», «Көркем мінезі деген осы», «Дұрыс қой осылай төбелес болып тұрған, әйтпесе бәрі мешіттің табалдырығын аттай сала мүләйімсіп, бейшара бола қалады», «Көңілді видео екен», — деп жазып жатыр оқырмандар.

Фото ашық дереккөзден алынды.