«Жұлдыз уәдесінде тұрды» дейді Гүлзира Айдарбекова

0
253

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты тағы бір жағдайды айтып берді деп жазады Democrat.kz. Ақпараттық порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Гүлзира Айдарбекова келініне басында жағдайдың бәрін түсіндіріп, күйеуінің өнеріне түсіністікпен қарауын сұраған.

«Ол кезде Қайраттың сахнаға шығып жүрген кезі. Жұлдызға басынан-ақ түсіндірдім. «Қайрат енді ғана сахнаға шығып жатыр. Ертең халықтың адамы болады. Үйде бір күн бар, бір күн жоқ болады.

Сол кезде екеуің ұрысып қалып, менің көңіл күйімді түсірмейсіңдер ма?» деп сұрадым. Ол өзі де өнер адамы болған соң, оны түсінетінін айтты. Олардан менің көзімше ұрсыпауды сұрадым. «Ұрысатын болсаңдар, жатын бөлмеде ұрысыңдар» дедім. Мен олардың қас-қабағына қарап жүргім келмеді.

Жұлдыз сол уәдесінде тұрды. Бір рет те көзімше ұрысқан емес. Бірінің артынан бірін босанды», — деді продюсер. Сонымен қатар Қайрат Нұртастың анасы келіні 10 жыл бойы бір бөлмеде қамалып отырмағанын айтты.

Продюсердің сөзінше, Әбдікәрімова оқуын оқып, шетел аралап жүрген. «Үйде отырғанда қамақта отырған жоқ қой. Көлік жүргізіп үйренді, оқуын оқыды, Қайратпен шетелге демалысқа барды, ағайын-туыстың ортасында жүрді. Бір бөлменің ішінде қамалып отырған жоқ», — деді Айдарбекова «Жақсы адамдарым» бағдарламасында.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.