Мұғалімдер аттестациясындағы әділетсіздіктер

0
1232

Кезекті аттестаттау уақыты, тест тапсырдым, 86 балл жинадым, эссе жаздым, өзімнің жетістіктерім бар да, оқушылармнпн жоқ, өйткені орыс ұлтының балаларынан қазақ тілінен нәтиже шығару қиын, сөйтіп портфолио жинап тапсырдым аудандық білім бөліміне, ақыры санат жоқ, санат бермеді.

Ал дәл менімен қатар таныс мұғалім де , бірақ қала мұғалімі де өтті, бірге портфолио түгендеп, хабарласып тұрдық, ол мұғалімде дәл мен секілді жетістіктер жоқ , сертификат қана, өзінде және оқушысында қатысты деген, ал менде жүлделі орын бар өзім қатысқан байқаудан, бірақ мен санат алмағанда, ол мұғалім бірден зерттеуші санатына ие болды.

Мен 4 ай санат болмай жүрдім, сонда түсінгенім мынау аудан білім бөлімінің салғырттық жасағаны, қалай болсын солай қарай салатыны, өздерін тым жоғары санайтыны, мектепте қазақ сыныптары ашылғандп оңтүстіктен көшіп келген мұғалімдерді өзім үйреткен едім, ауданнан бір әдіскер келген емес, қалай боп жатыр деп.

Көшіп келген мұғалімдер мектеп жұмысын білмейді, жаңартылған бағдарламаны тағы басқаларын үйретіп, осы Солтүстікке үйренісіп кетсін деп барымды салған мен едім, әттең, қазаққа жақсылық жасағаның өзің үшін ор қазғанмен бірдей екен.

Санат жоқ, жұмыс жасап жүрмін, келген жаңа мұғалім қызыл дипломмен деп санат берді, не үшін дим, ол мектепте жұмыс жасамады, жоғарғы оқу орнында оқығаны бөлек әңгіме, мектеп қабырғасында жұмыс жасамаған адамға бірден санат беру дұрыс емес.

Тіпті, маған қай ғасырда өмір сүріп жатсың, сонша ақша бер, бірден өтесің, портфолио үшін қажетті марапаттарды сатып алуға болады дегенде, мәссаған, білім саласының жағдайы осылай болса… басқасын айтып керек емес ау.

                                                       Баянды ЖҮКЕНОВА, мұғалім.

Әлеуметтік желідегі пікірінен.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.