Оштағы селде 4 адам ағып кеткен

0
165

Ош қаласында Ақ-Буура өзені жағадан шықты. Салдарынан орталық базарды, Озгур және Толойкон ауылдарын су басты. «Борубай Ата» демалыс аймағынан азаматтар эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Толойкон ауылындағы «Мол-Бұлақ» демалыс орнында 4 адамды сел суы ағызып кеткені туралы ақпарат түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша олардың барлығы бір отбасының мүшелері: Д. Н. 1980 жылы туған (әйел адам), қыздары М. 2005 ж.т., М. 2014 ж.т., С. 2018 ж.т.

Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар 500-ге жуық адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Тегтерадамошсел