Бала үшін өмір сүру қателік пе?
Танымал блогер Айжан Байзақова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарын бала үшін өмір сүрмеуге шақырды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогерге оқырманы «Бала үшін өмір сүруге бола ма? Екі баланың анасы ретінде жауап беріңізші», — деп сұрақ қойған. Ал блогердің айтуынша, бала өскеннен кейін бәрібір де ата-анасын тастап кетеді, сондықтан оларға өміріңді арнаудың қажеті жоқ.
«Менің балаларым өседі де мені тастап өзінің сүйгеніне кетіп қалады, ал мен қалған өмірімде балаларым үшін жақсы көрмейтін адамыммен тұрғаным үшін өкініп қала беремін.
Мен мұны өз тәжірибемнен білемін.
Менің ата-анам балалары үшін өмір сүрді, мен олардың бірін-бірі жақсы көргенін көрген жоқпын.
Сондықтан мен ерлі-зайыптылар бірін-бірі жақсы көре алады дегенде өмірімде сенбегенмін. Бұл маған мүмкін емес дүние болып көрінетін.
Балаларыңыздың кейін осы мәселемен жұмыс істегенін қалайсыз ба?
Бала үшін өмір сүріп керек емес, өтініш.
Балалар үшін жай ғана бақытты болуға болады», — деп жауап берді блогер.
Фото интернеттен алынды.