Қазіргі қыздар тұрмысқа шығуды неге ойламайды?

0
374

Керемет бір жаңалық ашқандай болмай-ақ қояйын. Бірақ жазғым кеп тұр. Мына қазіргілерің бар ғой…бір жынды екен! Менің қыздарым бар ғой. Өзімнің. Біреуі күйеуге тиген. Біреуі — бойдақ.

Қайынсіңілі, қайынбике, қайынаға, падыружка дегендерде де қыз баршылық, құдай көп көрмесін! Солармен әңгімелесіп қаламыз ғой енді, ара-тұра. Бұлар жігітпен мейрамхана, дәмханаға барғанда әрқайсысы өзі төлейді екен!

Джентельмендік деген әдірем қалыпты. Жомарттық, мәрттік (тағы қалай деуші еді сондайды?!) деген қайтыс болып, біздің поколениемен бірге кетіпті! Біздің кезіміздегідей “Жігіт төлеуі керек” деген әңгіме жоқ екен бұларда.

“Это же нормально! Ничего удивительного тут не вижу!” деп қояды тағы өздері. Бірге баруын барады екен да, ақша төлейтін жеріне келгенде.. каждый за себя екен! Ой,сұмдық -ай! Ақырзаманның балалары-ай! Сосын тағы бір айтайын дегенім, бұлардың ойында күйеу деген тема обшы жоқ сияқты.

Ләж болса, жеке-дара өмір сүргілері келеді екен. Шамасы жетсе, жеке пәтер сатып алып, жеке тұрғылары келеді. Ал жалпы ешкімге тәуелді болғылары келмейді.Күйеу деген мүлде қызықтырмайтын қыздарды көп көріп жүрмін.

Менің айтып отырған қыздарымның бірі “Мен өз өмірімді сүргім келеді. Құдайдың берген жалғыз өмірін біреуді асырауға, оны сүйрелеуге, оның таусылмайтын туыстарына қызмет етіп, бітпейтін қарызын төлеуге, проблемаларын шешуге сарп еткім келмейді!” деп төтесінен бірақ қайырды.

Тіптен біреуі “Өздеріңізге сондай өмір ұнайтын шығар. Это был ваш выбор! “ Сіз өз өміріңізді сүрдіңіз, ал менің қалауым басқа дегендей әңгіме айтты. Обшым, түсінгенім, күйеуге тиюге ешқандай қажеттілік жоқ екен. Қазіргі қыздар ақшаны жігіттерден көп табады.

Жігіттерден білімді көбі. Кәсіби шеберлік жағынан да олардан кем түспейді. Қалаған көлігін мінеді! Қаласа, пәтер де сатып ала алады. Ал жалпы біз құсап, маҚабат-саҚабат деп басын қатырып жүрген қыз көрмедім. Им некогда! Бір есептен, бізге қарағанда бастары жақсырақ істейтін боп тұр ғой Былай…

Бір қарасаң, қызығатын жерлері де бар сияқты. Оқу оқып, кәсіп үйреніп жүрген қыздар көп қазір. Үнемі даму, өсу үстінде жүрген қыздарды көп көрем. Жылда саяхатқа барып жатады. Бұл енді қуанарлық жағдай. Бірақ, қандай болса да, табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуы жақсы емес екенін бәріміз білеміз.

Ендеше, бұның соңы жақсылыққа апармайды. Оны да білеміз. Біздің қоғам тек қана әйелді, қыздарды кінәлап, бәріне әйел адамды кінәлі санап үйренген ғой. Санамызға солай сіңген.

Сіңіріп тастаған. Бірақ осыдан түйетін нәрсе енді жігіттер жағы түзелуі, ойлануы керек сияқты Әйтпесе, “Байтал шауып, бәйге алмас”, “Әйел бастаған көш…” деген сияқты бос әңгіме айтпаңыздар! Сендерге мықты болсаңдар, кім қой деді ?! дейтін адам жоқ та, әйтпесе…

Гүлнұр ОРАЗЫМБЕТОВА,

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.