Депутат Бапидың денсаулығына қатысты ақпар тарады

0
422

«Улануы мүмкін» деген мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің қазіргі жағдайы белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық саясаткер Болат Әбілов депутатпен отырған видео жариялап, оның жағдайын сұрады.

«Бүгін жақында Германиядан тексеріліп келген депутат Ермұрат Бапимен сөйлестік. Берлиндегі «Шарите» клиникасындағылар Ерекенің ағзасынан «Новичокты» (улайтын зат) таппады. Оның улануы мүмкін екені туралы қауесеттер расталмады», — дейді Болат Әбілов.

Ал депутаттың өзі денсаулығы жақсы екенін, Германияда диагноз анықталғандықтан емделуге баратынын айтады.

Фото интернеттен алынды.