Хиджабтағы қыз шарап бөтелкесін ұстап видео түсірді

0
1589

“Арабқа күйеуге шықтым, ғажайып өмірім бар” деп әлемге жар салған намазхан, блогер қыз Динара Әбілда көрерменін қорқытты деп жазады Democrat.kz. 

“Бай арабтың үшінші әйелімін” деп әлеуметтік желіде танылған Динара Әбілданың бір видеосы көрер көзге ерсі шығыпты. Туристік компанияда жұмыс істейтін Динара жұртты Грузия сапарына шақырып, “осындай вино ішкің келсе, біздің турға жазыл”,- деп қолындағы шарап бөтелкесін аузына тақап, көтерді.

Өзі намазхан, үстінен хиджабы түспейтін және мұсылман арабтың үшінші әйелі Динараның қолына шарап бөтелкесін ұстауы түсініксіз. Бәлкім, ішкен сияқты етіп түсірген де болар. Десек те, харам дүниені хиджабтағы иманды қыздың қолына ұстағаны қалай?

“Орамалдан ұялсайшы, вино ішкенің қалай кетті, еще намаз оқимын деп айтпашы”, “ужас, ұялмайсың ба?” деген пікірлер оқырманы тарапынан жазылуда.

Фото видеодан скринделіп алынды.

Watch on TikTok