«Мұғалімге қысым жасауға ешкімнің құқығы жоқ!» деді Ернұр Дәуенов (ВИДЕО)

0
1244

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық мектебінде өткен «Мақсатты мектеп» жобасына қатысты жиын өтті деп хабарлайды  Democrat.kz.

Оқу ағарту министрлігінен осынау жобаны арнайы түсіндіру үшін Астанадан келген Ернұр Дәуеновке қойылған сұрақтарға берілген жауаптары сыдыртпа сипаттарға толы болды. Қандай сұрақтар қойылды? Жиында қандай мәселе сөз болды? Бірнешеуіне тоқталсақ…

«Неге аяқ астынан сауатсыз боп қалдық?»

 

«Осыған дейін «Өрлеу» оқытқан бұрынғы курсымыз жарамай қалды ма, «Мақсатты мектеп» жобасы курсын оқысақ, біліміміз артып кете ме?» деген Айман Сағидулланың сұрағына Ернұр Дәуеновтің берген жауабы төмендегі видеода.

 

Мұғалімдер заңды жақсы біледі

«Мұғалімдер «Мақсатты мектеп» жобасын тоқтатсын деген талаппен петиция жариялап, билікке ашық хат жолдады. Осыған байланысты қазір мұғалімдерге қысым жасалып, қудалаулар басталды. Ашық хатқа қол қойған 150-ге жуық мұғалім «қойған қолымды алып таста» деп, хабарласуда. Бұл да — мұғалімнің құқығын бұзудың өрескел түрі. Мұғалім де басқа азаматтар сияқты ҚР Конституциясының 20-бабына сәйкес өз ойын ашық білдіруге құқылы», — деген Айман Сағидулланың сөзіне министрлік өкілі: «Мұғалімдер заңды жақсы біледі. Өз құқықтарын да қорғай алады. Мұғалімдерге қысым көрсетуге ешкімнің құқығы жоқ», — деп жауап берді. (Ернұр Дәуеновтің жауабы төмендегі видеода)

 

 

Фото  редакцияныкі.