600 мыңдай қызметкердің жалақысы екі есеге көбейеді
Биыл Қазақстанда азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттары үшін жалақыны кезең-кезеңімен 20 пайызға көбейту бастамасы тоқтамайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы көбейеді. Жалпы, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге ұлғаяды», — деп хабарлайды министрлік.