Абай — ақын емес, діндар болған бар?

0
304

ТикТок әлеуметтік желісіндегі кезекті бір уағызшының әңгімесі «айды аспанға бір-ақ шығарды» деп жазады Democrat.kz.

«Абай атамыздың сөзін дінге қатысы жоқ кісіден сұрашы, түсіндіріп бере ала ма? Дінге қатысы жоқ болса, ол жауап бере алмайды. Медресе оқымаған адам Абайтанушы бола алмайды. Философтарың Абайтанушы бола алмайды. Дінді оқуы керек. Себебі Абай атамыз медресе оқыған адам. Медресе оқымай, сен қалай Абайтанушы боласың? Абай діндар адам болған. Ал сен діндар адам болмайынша қалай оның сөзін аударасың?» деген уағызшы Данабек қазіргі кезде екінің бірі Абайтанушы болып алғанын айтады.

«Өзінің ойымен Абайдың сөзін аударады. Дін бір жақта, ол бір жақта. Бұл қателік. Абайтанушы болу үшін сен діни маман болуың керек және әдебиетші болуың керек», — деген уағызшы Абайды түсіндіру үшін тіл байлығың да болуы керек екенін алға тартады.

Фото интернеттен алынды. 

@sundet_a

#хитуағыз #уағыз2024 #данабекұстаз #абайтанушы

♬ original sound — Дүние мен ақыретімізге насихат