Әблязов пен Храпунов АҚШ сотында жеңілді

0
146

Алматы әкімдігі Әблязов пен Храпуновтың сыбайластарына қарсы АҚШ-тағы сотта жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әділет министрлігінің мәліметінше, Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша сотының алқабилері Феликс Сатер, Bayrock Group, Inc, Global Habitat Solutions және MeM Energy Partners LLC-ге қатысты үш талап арыз бойынша Алматы әкімдігі пен «БТА Банк» АҚ пайдасына үкім шығарды. Сондай-ақ алқабилер өтемақы ретінде 32 миллион доллар төлеу туралы шешім шығарған.

Сотта Мұхтар Әбілязовтың БТА банкіне қатысты алаяқтығын және экс-әкім Виктор Храпуновтың Алматы қаласына қатысты алаяқтығын растайтын бұлтартпас дәлелдер ұсынылған.

«Сот отырысында ұсынылған дәлелдемелер көрсеткендей, Әблязов БТА-дағы қызметін асыра пайдаланып, миллиардтаған доллар жалған несиелер берген, бұл ақыр соңында Қазақстандағы көлемі бойынша үшінші орындағы банктің күйреуіне әкелді», – делінген әділет министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар әділет министрлігі АҚШ сотына Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың мемлекеттік меншігіндегі жерлерді жекешелендіру және оны өзі немесе оның әйелі бақылайтын компанияларға нарықтық бағадан төмен бағамен сату арқылы қызметін асыра пайдаланғанын көрсететін дәлелдер ұсынған.

«Храпуновтың алаяқтығы Алматы тұрғындарына 300 миллион доллардан астам шығын келтіріп, қаладағы түрлі жер телімдерін игерілмей қалдырды. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін екі рет сотталған Сатер Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпуновқа  Қазақстаннан ұрланған Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпуновтың 40 млн доллардан астам ақшасын АҚШ-та жылжымайтын мүлікке және кем дегенде екі жеке инвестициялық жобаға аударуға көмектескен.

Сатер алаяқтық жолмен Ілиястың әпкесі Эльвира Кудрышова инвестициялық виза алып берген. Bayrock Group, Inc. и Global Habitat Solutions компаниялары ұрланған ақшаны жасыру үшін пайдаланылған», – делінген әділет министрлігінің хабарламасында.

Сотта жауап берген күдіктілер Сатер мен Мочкин сыбайластары Әблязовке, Ілияс Храпуновқа және олардың сенімді адамдарына көмектескенін мойындады.

Нәтижесінде Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорктегі Оңтүстік округтік сотының әртүрлі судьялары Әблязов пен Храпуновтарға қарсы санкциялар қолдану туралы бірнеше қаулы шығарып, Әблязов пен Ілияс Храпуновты сотты құрметтемегені үшін кінәлі деп тапты.

Фото интернеттен алынды.