«Әйел — эфирге шықпасын, фотосын интернетке қоймасын» деді уағызшы Жарқын Мырзатай

0
102

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеосында уағызшы Жарқын Мырзатай әйелдердің эфирге шығуы дұрыс емес дейді деп жазады Democrat.kz.

Жарқын Мырзатай қазіргі кезде әлеуметтік желілерде, эфирлерде діни уағыз айтатын әйелдердің жасап жүргені дұрыс емес деген пікірде.

«Қыздарға интернетке шығып, видеода уағыз айтуға болмайды. Тіпті сабақ беріп жүргендер де. Еркектер отыратын жерде әйелдердің шығуына мүлде болмайды.

Құраныңды айттың ба, эфирден шығып кетсейші, болды. Бір жерлерде балмұздақ жеп отырғанын, өзінің суретін, видеосын қоятын қыздар, қанша жерден мықты болсаңдар да айтайын, ресми сабағыңнан бөлек дүниелерді видеода көрсететін болсаң — сен зина жасап жатсың!

Әйел адам сұлулығын көрсетсе, қанша адам қарап, ол әйел туралы арам ойласа, сол әйел соған себеп болады, сол үшін күнә алып жатсың!» деген уағызшы әйелдерге эфирге шығуға болмайды деп қадап айтты.

Мұнан бөлек, әйелдің Құранды дауыстап оқыса, әйелдің дауысы да әурет екенін ескерткен уағызшы сөзінің соңында пайғамбар «тозақта әйелдер көп болатынын айтқан» деп ойын түйіндеді.

Мынадай уағызшылар көбейсе, Қазақстанымыз Ауғанстанға айналып кетпей ме? «Әйел — тозаққа барады, әйел түрін көрсетпесін, әйелдің даусы әурет, дыбысын шығармасын, әйел эфирге шықпасын, әйел күлмесін, әйел көзін көтермесін…»

Бұл уағызшылардың дінінде әйелге тыйым салудан басқа маңызды, құнды дүние жоқ па?

Жарқын Мырзатайға сенсек, «әйел тозаққа кетеді» екен. Олай болса, бұл діншілдер неменеге жер бетінде әйелге тыйым салуын қоймайды?

Дайындаған — Мәриям КЕНЕСАРЫ.

Фото интернеттен.

@not_perfect_ahi06

#ислам_религия_мира_добра #ислам #уағыздар #тикток #рекомендации #рек #топ

♬ Very Sad — Enchan