“Әйел – еркектің қисық қабырғасынан жаратылды” деген дүние Құранда жоқ” дейді дінтанушы

Журналист Жанар Байсемізбен болған сұхбатында белгілі дінтанушы Асылтай Тасболат діндегі жаратылыс туралы ілімге тоқталды деп жазады Democrat.kz.
Фазлур Рахманның “Ислам және Модернити” кітабын аударып шыққанына тоқталған дінтанушы әйел мен еркектің жаратылысына қатысты Құранда айтылатын сүрелерге тоқталды.
“Фазлур Рахман өз шығармасында Құрандағы кейбір сүрелерді сынайды. “Әйел – еркектің қисық қабырғасынан жаратылды” деген сөз Құранның ешбір сүресінде ашық жазылмаған. “Ниса” сүресіндегі 1-аяттың тәпсірінде негізінен әйелдерді еркектің қабырғасынан жаралды деп айтылып кеткен. Ал қазіргі кездегі адам антологиясына сүйенген Фазлу Рахман “әйелдерді кемсітетін Құранда мұндай аяттар жоқ” дейді. Құранды зерттеп жүрген басқа да ғалымдар “әйелді еркектің қисық қабырғасынан жаратты” деу – әйелдерді кемсіту болып саналады”, – дейді Асылтай Тасболат.
Фото интернеттен.