“Айуаны несі” дескен жұрт Баян Мақсатқызының жаңа жобасының атын түсінбей дал

Әлеуметтік желіде тараған таныстырылым видеосында танымал продюсер Баян Мақсатқызы жаңа жобасы туралы айтып, кейбіреулердің сынына ұшырады деп жазады Democrat.kz.
“IONE – бұл жай ғана жоба емес, бұл – әлемдік сахнаға шығу жолы. Біз қазір амбицияға толы басқаша бір ғажайып дүниені өмірге әкелмекпіз. Осы мақсатымызға жетуде тұтас бір кәсіби команда бар күшін жұмылдырып жұмыс жасамақ. Бұл жай ғана бір топ емес, бұл – Қазақстанның болашақ поп индустриясы”, – дейді Баян Мақсатқызы.
Десек те, осы видеодағы ә дегеннен қазаққа “айуан” деп естілетін “IONE” сөзін түсінбей, “айуаны несі?”, “айуан дей ме”, “біртүрлі естіледі екен” деп жобаның атын түсінбей жатқандар бар.
Фото интернеттен.