«Әкем мені зорлап, бүкіл мирастан шеттетті» дейді Айбота Рахымбекова

0
1489

Ақпараттық порталымызда «Мені әкем зорлады» деген Төлеутай Рахымбековтің қызы Айботаның сұхбатынан қысқаша ақпарат берген едік. Сол сұхбаттың екінші бөлімінде Айбота тағы бір мәселенің шетін ашты деп жазады Democrat.kz.

«Әкем мені зорлағанымен қоймай, анам өлген соң одан қалған дүниелердің бәрін өзі иемденді. Негізінен ол мүлік анамнан маған мирас болып қалған еді. Мен науқас ретінде «Д» тіркеуінде болған сәтімді пайдаланып, қамқоршылықты сот арқылы алып, бүкіл мүлікті өз атына аударып алды.

Заң бойынша мен сауыққаннан кейін маған тиесілі мүлік маған қайта берілуге тиіс. Ал әкем мені түксіз далаға қуып шықты»,- деген Айбота әкесі Төлеутай Рахымбековтің үстінен алаяқтық пен жыныстық зорлық жасағаны туралы екі қылмыстық іс қозғалғанын айтады.

Айботаның сөзінше, бала күнінде жасалған жыныстық зорлықтан кейін және анасының кенеттен қайтыс болуы салдарынан психикалық ауыр депрессияға түсіп, тіпті біраз уақыт есірткі де қолданғанын жасырмайды.

Сондай күндердің бірінде Төлеутай Рахымбеков арнайы шешесінің бейсенбілік шайына шақырып, татуласпақ ниетін білдіреді. «Сол күні ішкен шайдан кейін есімді жоғалтқанымды білемін.

Әрі қарай не істеп не қойғаныма есеп бере алмадым. Ал ол болса, шешемнің өліміне мені кінәлады»,- деген Айбота сол жағдайын пайдаланып нотариуста құжатқа қол қойдыруы мүмкін деген күдігін де тілге тиек етті.

Фото интернеттен алынды.