Ақтаудағы қыз зорлау: Басты фигурантқа ең ауыр жаза кесілді

0
35

Бір топ нашақор ұрлап кетіп зорлаған, ақырында суицид жасап қайтыс болған 29 жастағы Алина Серіковаға қатысты апелляциялық соттың шешімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Бірінші соттың шешімімен бес айыпталушы ұзақ мерзімді жазаға тартылды, бірақ марқұмның отбасы үкім жеткілікті қатал болмады деп есептеді. Алина Серікованың туыстары іс бойынша басты айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап еткен. Ал қалған сотталушыларға 15–16 жыл жаза берілуі керек деп санайды.

31 қаңтар күні апелляциялық соттың шешімімен басты фигурант Нұргелді Сейітқалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қалған сотталушылар:

— Еркебұлан Аманқос — 16 жыл.- Аралбай Мерей — 13 жыл.- Дархан Құлбас — 13 жыл.- Қуаныш Үсенғали — 13 жыл.

Сонымен қатар, Алина Серікованың отбасына моральдық зиян 30 миллион теңге көлемінде , материалдық шығын 19,6 млн теңге сомасында өтеп береді.