Ақтаудағы ұшақ апаты: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

0
157

Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әзербайжан әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған дерек бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік тобы құрылған. Оның құрамына көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері кірді.

«Оқиға орнына үкіметтік комиссия құрамында елдің Бас көлік прокуроры барды. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше бақылауында», — деп жазылған хабарламада.

Ақтаудағы ұшақ апаты туралы не белгілі?

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.  Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.

Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.