Алдағы уақытта шенеуніктердің декларациялары ашық жарияланбақ

0
61

Келесі жылдан бастап бүкіл шенеунік тапсырған декларациялар ашық жарияланады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев хабарлады деп жазады Democrat.kz.

Сонымен қатар министр кейбір ерекше қорғауға алынған тұлғалардың декларациялары ашық жарияланбайтынын да айтты. Ондай тұлғалардың қатарында Президент, премьер-министрлер, мәжіліс және сенат төрағалары бар. Сондай-ақ қарулы күштер ведомство қызметкерлерінің де декларациялары  “олардың қызмет бабына байланысты” ашық жарияға салынбайды.

Фото интернеттен алынды.