Алматыдағы медреселерге бюджеттің миллиондары «ағып жатыр»

0
32

Алматы облыстық Білім басқармасы биыл «Үшқоңыр медресесіне» 34 млн 777 теңге аударды. Өңірде діни сана күшейіп барады. Осы жағдай саяси билікке қауіп төндірмей ме?

Алматы облыстық Білім басқармасы мектеп пен кәсіптік-техникалық колледждерді жарылқап тастағандай молда дайындауға бюджет қаржысын заңсыз шығындауды жылдан жылға көбейтіп жатыр.

2023 жылы медресеге 6 миллионан астам қаржы бөлсе, былтыр үш мәрте тендер ойнатып 17 миллионға жақындатқан. Биыл алғашқы тендерде медресе 35 миллионға жуық қаржы алды, жыл соңына дейін тағы миллондарды еншілеуі мүмкін.

Мүфтияттың дерегіне сенсек, «Үшқоңыр медресесінде» 212 ұл бала, 184 қыз бала оқиды. Бала саны бойынша, бұл медресе үшінші орында.

Алматы облыстық Білім басқармасы «Нұр-Мүбарак» ислам университетіне де миллиондап қаржы бөледі, былтыр екі мәрте мемтапсырыс жасап, бюджеттің 11 миллионнан астам ақшасын шығындады. Бұл заңсыздық 2018 жылдан бері жалғасып келеді.

Конституцияшыл республика болып жарияланған Қазақстанның бюджеттен бір діни ұйымды — ҚМДБ-ны қаржыландыруы заңға да, зайырлы ел принципіне де жат. Ауғанстанға бет түзеп бара жатқандаймыз. Онда ҚМДБ сияқты Ханафи мазһабын, Матруди ақидасын ұстанатын «Талибан» қозғалысы билікке келді. Тәліптер зайырлы оқу орындарын жапты, қыз балалардың білім алуына тиым салды. Қазақ еліндегі мынау үрдіс, халықты діни санаға итермелеу осылай күшейе берсе, Ауғанстан болу алыс емес. Соны билік басындағылар ойлана ма?!.

Кез келген ислами діни ағымның түпкі мақсаты — ел билігіне жету. Дінкештер ел билігін алудың төрт кезеңнен тұратын жымысқы тактикасын талай мәрте сынақтан сәтті өткізді.

Біздегі исламизация процесі осылай кете берсе, мұның түбі жақсы болмайды… Құдай да сақтанғанды сақтайды ғой…

Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото интернеттен.