Әнару – Жанқош ісі: Әнарудың теріс қылықтары адвокатты шаршатыпты

Боксшы Жанқош Тұраров пен Әнару Құрманәлінің ісіне қатысты адвокаты Ләззат Ахатова бүкіл проблемалар мен шындықты айтып, жазба жариялады деп хабарлайды Democrat.kz.
“Әнару Құрманәлі ісіне қатысты бір ақпарат шығыпты. Оны мен көрген жоқпын, жаңа жәбірленуші жіберіпті. Майда-шүйдемен елдің миын ашытпайын деп, ол іс туралы ештеңе жазбай жүргем.
Әнару Құрманәлімен арадағы переписканың скриндерін жариялауға мәжбүр боп отырмын, ақырында.
Ең басты айтарым – зорлық орын алған! Тұраровтың қолдаушылары барлық органда болғандықтан, біраз жылдан бері есірткіге тәуелді екенін отбасы да, араласатын адамдар да білетіні анық.
Бірақ біздің елде барлық адамға қатысты ондай қылмыстар ашыла бермейтінін білесіздер. “Дикий Арманның” командасында болған спортшының көкелері оған қатысты қылмыстың ашылмауына мүдделі. Оған көзіміз әбден жетті.
Ал жәбірленушіге келсек..Жақсылықты бағалай алмайтын, өзіне керек кезде ғана жақсы сөйлеп, өз қателігін өлсе түсінбейтін, тек өзгелерді кінәлауға, каприздері орындалмаса, манипуляция жасауға бейім эгоист екен, қазіргі жастар..Соны ұқтым. Бірақ мен Алладан басқа ешкімнен қорықпаймын.
Қыздарыммен жасты қыз ғой деп, ана ретінде тағдыры үшін жаным ауырып, шын ниетіммен қолдағаным, қорғағаным – бәріңізге аян. Ешкімнің алдында ақталмаймын.
Жемқорлық, тамыр-таныс жайлаған жүйені жалғыз өзім жеңе алмаймын. Айтуын айтамыз, жазамыз. Алайда сыбайластықты жеңу мүмкін емес екен, біздің елде..
P.S. Жеке әңгімелерді жариялайын деген ниетім жоқ еді. Ертең сайттар іліп әкетсе, бізге тілеулес ел түсінбей қалмасын, менің уәжімді да назарға алсын деп, Сіздерден ештеңе жасырмауды жөн көрдім.
Соңғы кездері істегі қиындықтардан бөлек, басқа нәрселерден, жәбірленушінің әрекеттерінен де, әкесінің әрекеттерінен де морально шаршадым..Былтырғы тамыздан бері осы іске қатысты не өтпеді басымнан?..
Біреудің отбасылық проблемаларына, қарым-қатынастарындағы күрделі жағдайлар мен өкпе-налаларына еріксіз куә боп, араласуға да мәжбүр болыппын. Адвокат қана емес, психолог, няня да боп кеттіппін. Олай жасауға міндетті болмасам да.
Сонда да мамандығыма адал болдым. Қысқарған істі жанымды салып, бұздыртып, тергеуге бүкіл талабымызды орындаттық. Енді ешкімнің өкпесі жоқ шығар, маған?
Әкесі шаршап, “барлық келісім – шартты бұзам, істі тоқтатам” – деді. Клиент бас тартса, біз істі ары қарай жүргізе алмаймыз. Жеңіп шығуға негіз болатын барлық құжаттарын дайындап бердім, шайнап бергенді жұта алатын шығар, енді” деп жазба жариялаған адвокат Ләззат Ахатова Әнарудың басқа да теріс қылықтары туралы да жасырмады.
“Түнгі сағат 2-де, не 3-те тел.соға салады. Сондағы айтатыны-ана тараптың сөздері, жүрген-тұрғаны. Түн ортасында звондағанға бірдеңе боп қалды ма деп, шырт ұйқыңнан шошып оянасың. Өзімді ауру қылуға сәл қалды, сондай әрекеттерімен. Бұның бәрін айтпас едім, соған жеткізді..
Тұраровтың әйелі екеуі – апама жездем сай. Не ол әйел қоймайды, намысы жоқ па, білмеймін. Бүкіл елге күйеуінің басқа қыздармен байланысы, зорлығы, қылмысы әшкере болса да, ақтап әлек. Әйелдерді түсінуден қалдым” дейді адвокат.
Скриндер адвокаттың жеке парақшасынан.
Фото интернеттен.