Әнші Алтынай әйелдерге ақыл айтып, сынға қалды

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода әнші Алтынай Жорабаева әйелдерге ақыл айтып, сынның астында қалды деп жазады Democrat.kz.
“Еркектен бір саты төмен бола білу – ол тек қана мықты әйелдің ғана қолынан келеді. Ал мықты емес әйел беталды әр жерде мен мықтымын дей береді. Өзі ақылға салатын дана әйел ер азаматтан өзін төмен санайды. Төмен дегенде, өте төмен дейтін бізде басқаша түсінік бар. Кішкене кішірейе сал, алдына шығып кетпе. Бірақ сен мойынсың ғой, басты бұратын, оны да біліп жүру керек”, – деді әнші Алтынай Жорабаева бір сұхбатында.
Әншінің бұл сөздеріне қатысты “байдан байға тиіп алып ақыл айтпай-ақ қойшы”, “осы ойыңды Сәбитпен тұрғанда қолдана білгеніңде ғой”, “ойбай, сен айтпай-ақ қойшы”, “онда неге өзің ажырастың” деген сыңайда пікірлер жазуда.
Фото интернеттен.