Әр аймақта құқығы бұзылып жылаған балалар…
Еліміздің әр өңірлерінде орын алып жатқан бала құқығының бұзылу жағдайлары туралы омбудсмен Динара Зәкиева өзінің әлеуметтік парақшасында ақпараттар топтамасын жазды деп хабарлайды Democrat.kz.
Төменде топтастырылып берілген дерек-ақпараттар бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде.
Атырау облысы
Өңірлік уәкіл анасы оны және інісін мектептен кейін дүкенде жұмыс істеуге мәжбүрлейтінін айтып жүгінген 13 жасар қыздың өтінішімен жұмыс істеді.
Екі бала әкелерімен тұрғылары келетінін жеткізді. Мектеп әкімшілігі және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектормен кездесу өткізіліп, жағдайды шешу жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, уәкіл мектептерде ерте жүктілік және оқушылар арасындағы буллинг мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Алматы облысы
Оқиғаның барлық материалдарын сол жерде зерттеу және тергеу шараларының толықтығын қамтамасыз ету үшін Қонаев қаласында мен Алматы облыстық Ішкі істер департаменті және Астанадан келген тергеу басқармасымен кездестім. Өңірлік уәкіл марқұм Шерзаттың отбасымен кездесті.
Сонымен қатар, өңірлік уәкілмен бірге 2 жасар қызын өлтірген анаға қатысты іс және екі қызға әкелері тарапынан жасалған зорлық-зомбылық фактісі бойынша облыс прокуратурасымен жұмыс істеп жатырмыз.
Соңғысы бойынша уәкіл қыздармен және олардың әпкелерімен кездесті. Бұған қоса, өңірлік уәкіл Талғар ауданының ІІБ-не, сондай-ақ, мектеп оқушысына мұғалім тарапынан жасалған буллинг бойынша шағымды қарау үшін Алатау қаласына барды.
Жамбыл облысы
Өңірлік уәкілмен бірге 6 жыл бойы туыс екі ағасынан зорлық-зомбылық көрген 13 жасар қыздың ісімен жұмыс істеп жатырмыз.
Қылмыстық іс қозғалды, қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілді, қажетті көмектің бәрі көрсетілуде.
Облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен өткізілген көшпелі комиссия отырысының нәтижесінде аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шаралар қабылданды.
Қыз оқыған мектеп – ауылдағы жалғыз мектеп. Бала психолог жинаған сауалнамада сигнал берген, бірақ онымен қажетті жұмыс жүргізілмеді.
Лауазымды тұлғалардың немқұрайлылығы үшін жауапқа тарту мақсатында прокуратураға жүгіндім.
Маңғыстау облысы
Өңірлік уәкіл Жаңаөзен қаласындағы мектептерде ыстық тамақтың сапасын бақылау бойынша мониторингтік топтың жұмысына қатысты және колледж студенттерінің ата-аналарымен бала қауіпсіздігі тақырыбында кездесу өткізді.
ШҚО
Өңірлік уәкілмен бірге Зайсанда орын алған бопсалау ісі бойынша жұмыс істедік. Облыс әкімдігі мен прокуратурасы мектеп оқушылары арасында анонимді сауалнамалар жүргізді.
Құқық бұзушылық жасаған оқушы қыздардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды. Өңірлік уәкіл жәбірленушінің ата-анасымен және жергілікті атқарушы органдармен кездесулер өткізді.
Сонымен қатар, ол студенттерге кәмелетке толмағандардың құқықтары туралы сабақтар өткізіп, есепте тұрған жасөспірімдермен кездесті; орта мектептерде буллингтің алдын алу бойынша сабақтар ұйымдастырды; азаматтармен буллинг мәселелері бойынша кездесулер өткізді.
Павлодар облысы
Өңірлік уәкіл Аққулы ауданы мен Ақсу қаласына барып жұмыс істеді. Павлодар қаласының мектеп директорларымен, оқу ісі меңгерушілерімен, әлеуметтік педагогтармен және психологтармен, сонымен қатар, интернатардың бірінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесті.
Ақтөбе облысы
Өңірлік уәкіл ата-аналардың өтінішімен мектепке тексеру жүргізіп, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі бойынша кездесу ұйымдастырды, басқа да мектептер мен балабақшаларға барды.
Қостанай облысы
Өңірлік уәкіл Жітіқара ауданындағы өрттен 5 бала қайтыс болған жерге барып, қайтыс болған балалардың анасымен және тірі қалған ағасымен кездесті.
Қажетті көмек ұйымдастырылды. Уәкіл сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналарымен кездесті; Лисаковск қаласында 7-сынып оқушысының буллингі бойынша кездесу өткізді.
Қарағанды облысы
Өңірлік уәкілмен бірге шетелдегі қызды Қазақстанға анасына қайтару мәселесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз.
Өңірлік уәкіл азаматтардан түскен 9 өтініш бойынша жұмыс жүргізіп, нәтижесінде 2 балабақша директорының міндетін атқарушы қызметінен босатылып, 1 тәрбиеші жұмыстан шығарылды, 4 балаға психологиялық қолдау ұйымдастырылды.
Отбасын қолдау орталығымен бірлесіп, төтенше жағдайға тап болған 3 отбасына кешенді көмек көрсетті.
Жетісу облысы
Өңірлік уәкілмен бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде 111 байланыс орталығына түскен өтініш бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Сонымен қатар, өмірлеріне қауіп төніп тұрғаны анықталған балалардың жұмысымен айналыстық.
Бұдан бөлек, өңірлік уәкіл жәбірленуші жасөспірімнің адвокатымен жұмыс істеп, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу жөніндегі іс-шараға қатысты.
Ұлытау облысы
Өңірлік уәкіл Білім басқармасымен кездесіп, мектептер мен колледждердегі бала-омбудсмендермен жұмыс жоспарын келісті.
Ол сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен кездесіп, оларды толғандыратын мәселелерді, оның ішінде оңалту орталығының жоқтығын және медициналық қызметтерге, мысалы, тіс емдеу мен МРТ-ға қолжетімділікті талқылады.
Астана қаласы
Өңірлік уәкіл кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жиналыстарға қатысты.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуына байланысты азаматтардан түскен 5 өтінішпен жұмыс істеді, олардың ішінде қамқорлық органдарына және буллингқа қатысты мәселелер болды.
Сонымен қатар, КТІЖК отырысына қатысты, мектепке шағымданған мұғаліммен кездесті және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын талқылау үшін колледждерге барды.
СҚО
Өңірлік уәкіл азаматтардан түскен бірнеше өтініш қарады, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның отырысына және жағдайы нашар отбасылар мен есепте тұрған жасөспірімдерге жүргізілген рейдтерге қатысты.
Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі айлығы аясында әлеуметтік осал топтармен профилактикалық жұмыс жүргізді.
Шымкент қаласы
Өңірлік уәкіл отбасылық жанжалдан кейін жасөспірім қызбен және оның ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ мектепке бармай жүрген 7-сынып оқушысының анасымен жұмыс істеді.
Абай облысы
Өңірлік уәкіл қоқыс жәшігінен нәрестенің табылу фактісі бойынша жұмыс істеп, Аягөз ауданында тұратын, туыс ағасының зорлық-зомбылығына ұшыраған қызға кеңестік қолдау көрсетті.
Ол сондай-ақ мектеп оқушылармен кездесіп, олардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.
Жалпы, күн сайын бізге кем дегенде 6 қылмыстық іс туралы ақпарат түседі, бұған қосп күніне 100-ден астам өтініш қабылдаймыз.
Көп жағдайда трагедияның алдын алуға болатыны анық. Сондықтан биыл заңдар мен бұйрықтар деңгейінде қабылданған жүйелі шараларды сапалы іске асыру аса маңызды.
Механизмдердің бәрін жергілікті жерлерде пысықтау және анықталған жағдайлардың мысалында көзделген ережелерді сақтаудың маңызын көрсету үшін аудандар мен ауылдарға барып, өңірлерде жұмыс істей бастадық.
Динара ЗӘКИЕВА, балалар омбудсмені.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.