Әрбір ұлттық дүниеміз заңмен қорғалмақ

0
138

«Мұхит асып, қазақтың қыздары жалаңаш ою жапсырып билеп жүр. Шетелден келген әр әншіге оюлы шапан жабауды әдетке айналдырдық. Мұның бәрі масқара әрекет», деп санайды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай.

Депутат ұлттық құдылықтарымызды қорғайтын заң қажеттігін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шет елден келген эстрада әншілері, басқа да әркімнің иығына жаба беретін ол (шапан – ред.) қолжаулық емес. Қазақтың шапаны хан кисе де, қара кисе де, қастерлеп киген ұлттық қастерлі мүлкіміз. Сондықтан да біз шапанның қадір-қасиетін төмендетпеуіміз керек.

Қазақтың шапанындағы әр оюдың өзі «сөйлейді». Оның өзі үлкен мәдениеттің үлгісі. Біз кеше ғана мұхиттың ар жағына барған өнер ұжымы жалаңаш үстіне ою жапсырып алып барғандығы – төл мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызға түскен қара таңба. Алдағы уақытта ұлттық құндылықтарымызды қорғайтын заң керек деп ойлаймын. Ою-өрнек, шапанымызды заңмен қорғауымыз қажет», — деді.

Фото интернеттен алынды.