Астанада TRAVELHUB Kazakhstan туризм және қонақжайлық индустриясындағы технологиялар бойынша конференция өтті

0
113

Осы күндері 18-19 мамырда Астана қаласында TRAVELHUB Kazakhstan, ТМД-дағы туризм және қонақжайлылық индустриясындағы ИТ-технологияларды дамыту мәселелеріне арналған конференция өтуде.

TRAVELHUB Kazakhstan — бұл ИТ-технологияларды пайдалана отырып бизнесті дамытуға қызығушылық танытатын туризм және қонақжайлық мамандарына арналған алаң. Конференцияның мақсаты қатысушыларда туристік нарықтың әрбір сегментіндегі нарықтық және технологиялық трендтер туралы түсінік қалыптастыру.

Екі күндік бизнес бағдарламасы нарық сегментіне байланысты төрт негізгі бөліктен құралған бөлінеді: TravelTech, HotelTech, TourismTech және Creative Industries.

TravelТech бөлігінде онлайн тревел, әуе және жердегі тасымалдау  технологиялары туралы нарық көшбасшылары – онлайн агенттіктер, қызмет көрсетушілер және жаһандық технологиялық провайдерлер бөлісуде. Олардың ішінде Aviata, Aviasales, ҚТЖ, Ресей Темір Жолдары, Amadeus, Saber, Мой Агент, Яндекс және т. б. Тревел стартаптар өз әзірлемелерін – саяхатшыларға, туроператорларға, гидтер мен қонақүйлерге арналған инновациялық онлайн сервистерді ұсына отыра, Kazakh Tourism, Astana Hub, Jusan Travel және басқалардың өкілдерін қамтитын Сараптамалық қазылар алқасы қорытындысы бойынша үздік жобалар таңдалынады.

HotelTech бөлігі қонақүйлер нарығының жағдайы мен тенденциялары, қонақжайлылық индустриясындағы TravelTech және MICE-туризм мәселелерін талқылайтын үш панельден тұрады.

Rixos Water World Aktau, Керуен Сарай және Ostrovok брондау жүйесінің өкілдері қонақ үй қызметтері саласындағы трендтерімен бөлісуде.

Bronevik.com, TravelLine, Shelter және т. б. технологиялық компаниялардың өкілдері қонақжайлылық индустриясындағы трендтер мен технологиялар туралы пікірлерімен бөлісуде.

Wyndham Hotels, Kazakh Tourism, Sun House Team және т. б. өкілдері Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде MICE және қалалық туризмнің дамуына шолу жасауда.

Конференцияның екінші күні де қанық болады деп күтілуде. TourismTech бөлігі Туризм индустриясындағы нарықтық үрдістер мен технологиялар арналған. Технологиялық әзірлемелердің талдамалық баяндамалары туралы Kazakh Tourism, Profi.Travel, ҚР Ұлттық статистика бюросы, Қамқор қоры, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі сөз сөйлейді, панельдік пікірталастарға туристік әкімшіліктер мен Қазақстан өңірлерінің бизнес қоғамдастық өкілдері қатысады деп күтілуде. Шетелдік мемлекеттік ұйымдар мен бизнес құрылымдардың өкілдері өз елдерінің нарықтары туралы ақпаратпен бөліседі, оның ішінде: Республикалық Туризм индустриясы одағы (Беларусь), АСУ eMehmon Автоматтандырылған есеп жүйесі (Өзбекстан), Туризмді дамытуды қолдау қоры (Қырғызстан) және т. б.

Туристік компаниялар үшін технологияларды пайдалану мәселелері жетекші туристік агенттіктердің, туроператорлардың және технологиялық провайдерлердің қатысуымен Қамқор қоры ұйымдастырған панельдік пікірталаста талқыланады. Талқылауға Мой Агент, Компас, FUN&SUN, Ratehawk, i’way және т. б. өкілдері қатысады.

Өсіп келе жатқан ішкі және кіру туризм нарығына ерекше назар аударылады. Ұйымдастырылған экскурсиялар мен авторлық турлар нарығын дамыту мәселелері бойынша Қазақстан бойынша бірегей саяхаттарды ұйымдастырушылардан баяндамалар болады, нарық ойыншылары ағымдағы жағдайды Орталық Азияның туристік өнімдеріне сұраныс пен ұсыныс ретінде талқылайды, сондай-ақ табыстылықтың өсуінің жаңа нүктелері мен онлайн платформалардың мүмкіндіктерін зерделейді.

Онлайн платформалар арасында қатысатын компаниялар: Тripster, CityPASS Kazakhstan, шетелдік стартаптар және турлар мен экскурсиялардың отандық онлайн маркетплейстері, сондай-ақ гидтерін даярлау жөніндегі оқу орталықтары LC Credo, DUAL.KZ, Arman Tour және басқалары.

Сала сарапшылары Орталық Азия мен ТМД-дағы нарықтардың дамуы мен үрдістерін, сондай-ақ Таяу Шығыс, Үндістан, Қытай елдерінен келетін туристік ағындардың өсу перспективаларын талқылайды. Туроператорлар мен бизнес қауымдастықтар ұйымдастырылған экскурсиялардың маңызды мәселелерін, соның ішінде лицензиялау, кадрларды даярлау және сертификаттау жағдайын, туробъектілер туралы ақпаратты түсіндіру сапасын және туристік қызметтердің баға-сапа арақатынасын талқылайды. Спикерлер арасында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері: KazAlpineCLub ҚБ, ФСТ, Агро және ауылдық туризм қауымдастығының ЗТБ, САГиТО, НАИТ және КТА және басқалар.

Конференцияның екінші күні өтетін Сreative Industriesбағдарламасының бөлігінде тақырыптар бойынша үш панельдік пікірталас өтеді: креативті индустрияларды дамыту перспективалары, дестинацияны дамыту драйверлері ретіндегі креативті кластерлер және креативті индустриялардың әлеуметтік әсері.

Осы сессиялар шеңберінде Kazakh Tourism креативті индустрия елшілерін марапаттау өтеді. Амбасадорлар «Forbes 30 under 30» номинациясына ұсынылатын перспективалы кәсіпкерлер болады.

TRAVELHUB Kazakhstan 18-20 мамыр аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық Көрме орталығында өтетін Qazaqstan Life Fest 2023 көрмесінің іскерлік бағдарламасының бөлігі болып табылады. Конференцияға қатысу көрмеге тіркелген қатысушылар үшін тегін.

Бағдарлама және Конференция сайтында онлайн тіркелу travelhub.pro/kz