Әзілкеш Қанат пластикалық ота жасатпақ болды

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода әзілкеш Қанат Әлжаппаров өзіне пластикалық ота жасатпақ болғаны туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.
“Бет-жүзіме пластикалық ота жасатқым келді. Сондай жерге бардым. Бірақ ондағылар маған “сізге әуелі салмақ тастау керек. Әйтпесе, сізді осы күйде сойсақ, кейін арықтағанда, түріңіз мүлде өзгеріп кетуі мүмкін” деп айтты. Менің қазіргі бір түрімнен екі адам жасап шығаруға болады екен”, – дейді Қанат Әлжаппаров.
Фото интернеттен.
Watch on TikTok