Бастауыш сыныпқа екі мұғалімнен бекітілуі керек

0
1229

ТикТок әлеуметтік желісінде білім саласына қатысты түрлі пікірлерін жариялап отыратын белсенді мұғалім өз ұсынысын айтты деп хабарлайды Democrat.kz.

Бейсенгүл деген атпен тіркелген тиктокер: “Бастауыш сыныпқа бір емес, екі мұғалімнен бекіту керек. Бір сыныптағы 20-30 оқушыны бір мұғалімге басқару өте қиын.

Мысалы, оқушыларды туалетке, асханаға апарып-әкелу жалғыз мұғалімге оңай емес. Оң-солын әлі танымайтын 20-30 баланы ертіп жүруді ойлаңызшы. Балалар дене шынықтыру сабағы кезінде өз киімдерін шешіп, кие алмайды.

Оны да мұғалімі жасайды. Мұнан бөлек, мұғалімнің қағазбастылық жұмысы тағы бар. Сондықтан да бастауыш мұғалімінің жанына көмекші мұғалім қажет.

Қарапайым ғана мысал, бір баланы туалетке апарып-әкелу үшін сынып бөлмесінен мұғалім шығып кеткенде, қалған 20-30 бала қараусыз қалады емес пе?

Бастауыш сыныбының мұғалімі алаңсыз оқушысына білім берсін десек, мұғалімнің жанына көмекші мұғалім бекітілуі керек”,- дейді.

Фотокөрнекілік үшін интернеттен алынды.

@bisena_m

#бастауышсыныпмұғалімі #мектеп #мұғалім

♬ оригинальный звук — 🌹Бейсенгуль🌹