Баян Мақсатқызы: “1 млн доллар қарызым болды”

0
1523

Кезекті бір сұхбатында танымал продюсер Баян Мақсатқызы өзінің үлкен қарызы туралы айтты деп жазады Democrat.kz.

“Осыдан он шақты жыл бұрын мен орындалмаған жобаларым үшін 1 млн долларға жуық қарызға кірдім. Мұнша ақшаны алатын жерім де, адамым да жоқ.

Жалғыз өзім осынша сома қарызды төлеуім керек. Не істедім? Ештеңе де істемедім. Бар болғаны өзіме “аяқ-қолым бүтін, денім сау, демек, бұл қарыздан мен құтыла аламын” деп күш бердім. Ешкімге ештеңе айтпадым, өміріме шағымданбадым.

Ұйқыдан қағылып, уайымға салынбадым. Өйткені аман болсам, ол қарыздан құтылатыныма сендім. 1 млн доллар қарыздан 2 жылда түгел құтылдым.

Айтқым келгені, басына іс түссе, мүжіліп, уайымдап, азып-тозып кетудің керегі жоқ. Бар болғаны өзіңе сен, бітті”, – дейді Баян Мақсатқызы.

Фото интернеттен алынды.