Біздегі 1015 жазушыдан елге қандай пайда келіп жатыр?

0
112

Елде 1015 жазушы бар екен. Мына дерек масқара екен. Өздерінің әңгімесіне қарасақ осының тек 200 -і кәсіпқой жазушы ақындар, қалғаны әуесқой жазушылар көрінеді.

Әуесқой болғанда көбі жазушыда емес ,зейнетке шығып естелік жазатын шал кемпірлер сияқты, қалталы балаларының арқасында жазушы болып, одан жазушылар одағына мүшелікке кіріп алғандар .

Естелік кітабын кімге жаздырып, одаққа қалай мүше болғанында ісім жоқ, әңгіме олардың талантты жастарға кесір тигізуінде болып тұр.

Алдымен кім грантқа ие болып ,кімнің кітабы басылатыны айтпаса да түсінікті .

Жазушы -ақын, сөз шебері ,халқының жағдайын жете зерттеп , ащы шындықты тұщы сөзбен оқырмандарына талдап — тарамдап жеткізетін қоғамның бет пердесі болуға міндетті .

Биліктің қателігін бетіне айтып сынайтын да солар емес пе ?

Осы 800 әуесқой жазушының билікке сын айтпақ түгіл, елдегі болып жатқан резонанстық жағдайларға ләм деп үн қосқанын естігеніңіз барма ?

Елде тап осылай ,Назарбаев бастаған жалған академиктер толып кеткенін білесіздер .

Ғылым академиясы құрылғанда Елдегі бүкіл академиктердің шендері жойылып ,қателеспесем тек 15 әлемдік денгей де мойындалғандары кері мүшелікке қабылданған.

Тап сол жолмен журналистер одағын да псевдо жазушылардан тазарту керек.

Халықтың жағдайын ойламайтын блогерлерден отписка жасау жөнінде үндеу жарияланып, қызу науқан жүріп жатыр.

Әділ билік деген теңіз астындағы асыл тас сияқты ,оны айналасына көп жылдар бойы жабысқан қоқыстан түгел тазалағанда ғана шын құны болады.

Жазба — Әбдібек БИСЕНТЕГІНІҢ парақшасынан.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.