Боксшы өзіне жала жабылғанын айтты

0
133

Қыз зорлады деген белгілі боксшы Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа жауап берді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

«Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім, қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!», — дейді Тұраров әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, бұған дейін боксшының осындай айыпқа ілінгені жөнінде ақпарат тараған еді. Полиция ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», – деген жауап келді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Жаңқош Жасұланұлы Тұраров (20 қараша 1990, Ақкөл, Жамбыл облысы) — қазақстандық кәсіпқой боксшы. 2023 жылдың 21 наурызынан бастап бірінші жартылай орта салмақтағы IBO бокстан әлем чемпион.

Фото интернеттен алынды.