Болат Назарбаевтың ұлы сотта жеңіп шықты

0
462

Болат Назарбаевтың ұлы сотты қалай жеңді, бұл туралы Democrat.kz  ақпараттық порталы Свидетель.kz. Телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, Нұрбол Назарбаевтың иелігінде  Алматы облысының Қарасай ауданында  «Steppe AgroMeat» ЖШС және «QazAgroCentre»ЖШС компаниялары арқылы жалпы ауданы 9 241 гектар болатын бірнеше жер учаскелер бар. Прокуратура бұл жерлерді беру кезінде жіберілген заң бұзушылықтарды анықтап, сот арқылы оларды мемлекетке қайтаруға тырысуда.

Мәжіліс депутаттары Мақсат Толықбай, Абзал Құспан, Қазыбек Иса және Сергей Пономарев Бас прокурор Берік Асылов пен вице-премьер Серік Жұманғариннің атына сауал дайындап, онда Үшқоңыр үстіртін жекешелендіру, қоршау мен шлагбаум орнату заңдылығын түсіндіруді талап етті.

2024 жылғы 16 ақпандағы жауабында Премьер-Министрдің орынбасары Жұманғарин бір жыл бұрын Қарасай ауданының прокуратурасы Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне жер учаскелерін беру кезінде жіберілген заң бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы ұсыныс енгізгенін хабарлады.

Әңгіме «Duny Agro» ЖШС (қазір «Steppe AgroMeat» ЖШС) берген 193,0 және 3 408 гектар учаскелер туралы, сондай-ақ «Duny Corporation» ЖШС («QazAgroCentre»ЖШС) алған жалпы ауданы 5 640,0 гектар учаскелер туралы болып отыр.

«Steppe AgroMeat» ЖШС 2003 жылғы 19 қарашада тіркелген. Салықтар: 2015 жылдан бастап 54 589 428 теңге төленді (2023 жылы – 7 327 007 теңге). Салықтар мен кедендік төлемдер бойынша берешек 1 199,62 теңгені құрайды.

«QazAgroCentre» ЖШС 2006 жылдың 1 наурызында тіркелген. Салықтар: 2015 жылдан бастап 8 919 667 теңге төленді (2023 жылы – 1 412 101 теңге). Салықтар мен кедендік төлемдер бойынша берешек 1 199,62 теңгені құрайды.

Egov.kz портал деректері бойынша , steppe agromeat және QazAgroCentre компанияларын Prime Capital Holding серіктестігі арқылы марқұм Болат Назарбаевтың ұлы – Нұрбол иеленеді. Олардың қызмет бағыты «аралас ауыл шаруашылығы», «дәнді және бұршақ дақылдарын өсіру» және «жылқы өсіру»болып табылады.

2023 жылдың наурыз және сәуір айларында жер ресурстарын басқару департаменті Қарасай аудандық сотына және экономикалық сотқа даулы жерлерді заңсыз деп тануды және сатып алу-сату шарттарының күшін жоюды талап етіп үш талап арыз берді.

Олардың бірі бойынша ауданы 193,0 га учаскеге қатысты 2023 жылғы 27 қарашада Қарасай аудандық сотының судьясы Азамат Шалтабаев бас тарту шешімін шығарды. №1952-23-00-2 / 3601 сот шешімінде учаске 2004 жылы Қарасай ауданы әкімінің қаулысы негізінде қосалқы шаруашылық жүргізу үшін «Дуни Агро» — ға берілгені айтылған. Және бұл жарлық ешкіммен дауласпайды және заңсыз деп танылмайды, сәйкесінше мәмілені жоюға негіз жоқ.

Департамент мұндай үкіммен келіспей,  облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді.

Фото ашық дереккөзден алынды.