“Бұлай кете берсе, адамзат дамуы жойылады” дейді Илон Маск

0
195

 X, Tesla мен SpaceX -тің “жаратушысы” Илон Маск егер бала туу көрсеткіші бұлай кетсе, адамзаттың дамуы тоқтайды деп мәлімдеді деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы шетел басылымдарына сілтеме жасап.

Әлем бойынша бала туу көрсеткіші жыл санап азайып барады. Соңғы зерттеулерге сүйенсек, бір әйелге 1,61 баладан келеді екен. Бұл 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, өте төмен. Мысалы, 2020 жылы бір әйелге 1,63 баладан келген екен. Бала туу көрсеткіші АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея мен Еуропада анағұрлым құлдырап, азайған.

Осыған орай Илон Маск адамы азайған елдер көп ұзамай демографиялық коллапсқа айналады деп алаңдайды. Азияның бір бөлігі де демографиялық қауіпті аймаққа айналғанын сөз еткен Маск: “Егер жағдай өзгеріссіз осылай кете берсе, адамзат цивилизациясы түбімен жойылады” дейді.

Фото ашық дереккөзден алынды.