Депутат: “Мұғалім – сатылатын көрермен емес!”

Әлеуметтік желідегі парақшасында Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев өзінің жекесіне келіп жатқан хаттарды жариялап, мұғалімдерге қатысты заңсыздық туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Депутаттың жекесіне келген хаттарда мұғалімдер 1 мамырда болатын “Алатау серілері” тобының концертіне 5000 теңгеден мәжбүрлі түрде билет алғызып жатқан басышылқтарына шағымданыпты.
Осыған байланысты депутат Дәулет Мұқаев: Мұғалімдерді концертке билет алуға мәжбүрлеу – заңсыздық! Бұл – өрескел заң бұзушылық! Мұғалім – білім беруші, сатылатын көрермен емес! Өз құқығыңызды біліңіз және қорғаңыз!” деп жазды.
Фото интернеттен.