Діни елдердегі педофилизм: Бұл проблеманы тек биоробот шешеді
Аутизммен ауыратын жақын туысыма (жасы 19-да) әкесі Жапониядан жасанды интеллектпен басқарылатын секс-биоробот алдырыпты.
Соны кеше эксперимент ретінде тесттен өткізгем, енді әрине ер мен әйелдің табиғи қарым-қатынасына жетпейді,бірақ мүгедек жандарға еш таптырмайтын сенімді серік-дос екен
Күлеміз ау, бірақ,кім біледі технология күннен-күнге дамып жатыр, ал күнделікті қым-қуат,күйбең тіршілікпен өмір сүріп жатқан қарапайым адамға дофамин, серотонин, окситоцин,эндорфин,тестостерон,эстроген, пролактин сияқты гормондар жетіспейді,соны жасанды интеллектпен басқарылатын секс биороботтар болашақта адамдарға сыйға тартса керемет емес пе?!
Соған орай ғаламторда ағылшын тілінде шыққан мына төмендегі мақаланы қазақшаға аудардым:
Әлемдегі халық санының өсуі, әлеуметтік-экономикалық теңсіздік және жыныстық қылмыстар мәселелері көптеген елдерде маңызды проблемаға айналды.
Ауғаныстан,Пәкістан, Сирия, Египет, Бангладеш, Иран,Ирак т.б секілді ортағасырлық шариғатпен өмір сүретін елдер мен Үндістан,Қытай сияқты дамушы елдердегі демографиялық дүмпу, педофилия, жыныстық зорлық пен әйелдердің құқықтық жағдайы – бұл жаһандық деңгейде шешімін таппаған өте күрделі проблемаға айналып отыр. Ақиқатында жасанды интеллектпен басқарылатын секс биороботтардың тұрмыста кең қолданылуы келешекте мұндай мәселелерді шешудің ең оңтайлы жолы болады.
Мысалы кедей елдердегі демографиялық дүмпу, яғни адам санының көп болуы көбінесе әйелдердің төменгі әлеуметтік жағдайы мен білімнің жеткіліксіздігінен туындайды.
Атап айтқанда секс биороботтар адамның жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы бала туудың төмендеуіне кәдімгідей ықпал етеді.
Секс биороботтар көпбалалы болуды дәстүрлі құндылық деп санайтын қоғамдарда демографиялық дүмпуді мейлінше бәсеңдетуге көмектеседі.
Көптеген кедей елдерде халық санының өсуі ресурстардың жетіспеушілігін күшейтеді.
Секс биороботтардың кең таралуы ұзақ мерзімді перспективада кедейліктің қамытын азайтуға ықпал етеді.
Көптеген жыныстық қылмыстардың артында психологиялық қажеттіліктер мен мәдени шектеулер тұр. Мұндай жағдайларда секс биороботтар педофилиядан зардап шегетін жас балаларға зиян келтірмей, импульстарын бақылауға көмектесетін заңды және қауіпсіз шешім һәм балама болады.
Статистикаға сүйенсек көп жағдайда ерлердің агрессиясы жыныстық қажеттіліктен туындайды,ал секс биороботтар болса мұндай агрессияны азайта алады.
Мысалы Жапониядағы секс-қуыршақтарды қолдану туралы зерттеулер олардың белгілі бір девиантты мінез-құлықты бақылауда ұстайтынын көрсетті.
Кейбір елдерде, мысалы, Нидерланды мен Германия, виртуалды шынайылық пен секс биороботтарды қолдану арқылы жыныстық қылмыстардың төмендеуіне ықпал жасады.
Шариғатпен өмір сүретін елдерде жыныстық қатынас көбінесе қатаң бақылауда екенін ескерсек,бұл әйелдердің құқықтық жағдайын әлсіретіп, жыныстық қажеттіліктердің қанағаттандырылмауына әкеледі.
Ал секс биороботтар болса шариғат заңдарын бұзбай, жыныстық қажеттіліктерді қанағаттандырудың тиімді жолын ұсынып, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты азайтады һәм гендерлік баланс орнатады. Сондықтан да біз секс биороботтарды қол жетімді қылсақ әйелдердің құқықтарын қорғап, олардың жыныстық құлдықтан босата аламыз.
Секс биороботтардың эмоционалдық интеллекті (ЖИ) дамыған сайын, олар адамның психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті бола бастайды.
Секс биороботтардың артықшылы ол жалғыздықпен күресіп, эмоционалдық қарым-қатынас орната алады.
Ең бастысы сенімді серіктес ретінде олар әрдайым қолдау көрсетіп, адамды түсінеді және бұл кейде табиғи қарым-қатынастардан да артық болуы мүмкін.
Секс биороботтар ешқашан шаршамайды, эмоционалдық тұрғыдан абьюзер болмайды және пайдаланушыға толықтай бейімделеді.
Бірқатар зерттеулер секс биороботтардың жалғызбасты және әлеуметтік оқшауланған адамдардың өмір сүру сапасын жақсартатынын көрсетеді.
Статистикаға сүйенсек кейбір адамдардың секс биороботтармен шынайы махаббатты сезінуі ол секс роботтардың эмоционалдық қажеттіліктерді қанағаттандыра алатынының айқын дәлелі.
Әрине, секс биороботтарды қолдану этикалық және мәдени тұрғыдан пікірталас тудыратыны сөзсіз.
Кейбіреулер бұл технология адамзат құндылықтарын бұзуы мүмкін деп санаса,
басқалары оны прогрессивті шешім ретінде көреді.
Секс биороботтар адамзат қоғамының алдында тұрған кейбір мәселелерді шешуде маңызды рөл атқара алады.
Олар демографиялық дүмпуді бәсеңдетіп, педофилия мен жыныстық зорлық-зомбылықты азайтуға, сондай-ақ эмоционалдық қолдау көрсету арқылы адамның өмір сапасын жақсартуға қабілетті.
Демек секс биороботтардың болашағы – адамның технологиямен қалай өмір сүретініне байланысты болып тұр.
Ал сіздер қалай ойлайсыздар?!
Тұрарбек ҚҰСАЙЫНҰЛЫ, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото интернеттен.