Дінмен санасы уланғандар: Баласын құрбандыққа шалған
Исламның пайда болғанынан 1400 жыл өткенімен Исламды қабылдаған елдерде әлі күнге дейін Ибрахимнің жасаған әрекетін қайталамақшы болғандар, өз ұлдарын бауыздамақшы болғандар жетіп жатыр.
Бұл сұмдық жайт осыдан 50-60 жыл бұрынғы Түркияда болған.
Әскерлік борышын өтеп жұрген кезінде шатылған бір істен құтылғысы келген кісі жаратушы алласына «егер де менің әскерден қашу әрекетім іске асса , ұлым болса атын Мызрап (араб тілінен аударғанда елші, посредник, медиатор деген мағынаны білдіреді) деп қоямын және ол ұлымды Аллахқа құрбан ретінде сыйлаймын» деп дұға қылып, өз-өзіне, дәлірек айтсақ алласына сөз береді.
Құтылғаннан кейін өз ұлын ас үйдің пышағымен бауыздай салған. Әрине, прокуратура тұтқындап ол адам лайықты жазасын алған.
1962 жылы Эрзинджанның Терджан ауданына Каргын ауылында адам шошырлық жайт орын алады.
Істің қылмыскері, бас кейіпкер 26 жасар Муслим Коджаның фотографиясы газеттердің бас парақшасынан түспеген көрінеді. Бұл оқиғаны оқығандардың, естігендердің төбе шашы тік тұрып тіксінген көрінеді.
Бір ұлдың әкесі Муслим әскер қатарында түрме күзетуші болып жүрген кезінде үстінен «ақша жымқырды» деген айыппен іс қозғалған көрінеді.
Өзі діндар мұсылман байғұс «Егер мен бұл жаладан құтылсам екінші туған ұлым аллахыма құрбан» деп сөз берген көрінеді. Соныменен не керек, Муслим ақталып шығады.
Ауылына қайтқан Муслимнің аяғы ауырлап айы-күні жетіп отырған келіншегі ұл босанады. 11 інші ақпан 1962 жылы туған ұлына әкесі «Мызрап» есімін берген. Ханымының ұл туғанын Алласының өзінен құрбан сұраған болар деп жорыған.
Отбасының тұрмысы төмендеп үлкен ұлы ауырып қалады, ауылда жаңбыр жаумай құрғақшылық басталады. Муслим бұл пәлекеттердің, сәтсіздіктердің бәрін Алласына берген сөзін орындамағаны үшін жіберілген жаза шығар деп ойлайды.
Сәбидің 40 күнге толғанын күтеді. Бауыздамақшы болып ниеттенсе де сәби өте әлжуаз, салмақ қоспағандықтан бас тартады.
Өз сөзінен «кішкене салмақ қоссын, жаратушыма бұндай арық құрбандық шалғаным жарамас» деген есек-дәмемен сәл күте тұруға бекінген екен.
24 інші сәуір 1962 жылы сол күннің келіп жеткені деп шешім қабылдайды. 2,5 айлық ұлын жуындырып ал деп жолдасы Гүлбахарға тапсырады.
Өзі де жуынып-шайынып, дәретін алып намазын оқиды. Ұлын құшақтап үйінен біраз ілгеріде тұрған бос көгалға апарады.
Ойында Ибрахим пайғамбардың Аллахына жасаған құрбандық оқиғасы бар. Сол себепті өзінің жасайын деп отырған ісінің дұрыстығына нық сенімді.
Егер құдыретті Аллах сонау пайғамбардан талап етсе өзіндей құлынан да талап етпей ме? Аллах араласып, бауыздамақшы болған пышағы өтпей соңғы сәтте көктен бір тоқты ма қошқар ма түсіре салған жоқ па?
Осыларды ойлап алдымен сәбиді жерге жатқызады. Піссімілласын айтып, ішінен дұғаларын күбірлеп отырып баланың тамағынан сүйегіне дейін орып жібереді.
Сәби сол жерде жан тапсырады. Жанталасып жатқан 2,5 айлық сәбиді өз әкесі бауыздап қарап отырады. Бірақ Ибрахимнің аңызындағы секілді не періштенің келгені жоқ, көктен түскен қошқар да!
Болған істен кейін Муслим Коджаны жандарма тұтқындайды. Істеген ісінен ешқандай өкінбейтінін, тек қана Ибрахим пайғамбардың жолымен жүргенін айтып әлек болады Муслим Коджа.
Ол да өз ұлын құрбандыққа шалмақшы болған сонау жаратушының елшісі емес пе еді! Аллахтың ғана бұйрығын бұлжытпай орындап отыр !
Муслим Коджаны дәрігерлер қарап шығады. Бірнеше зерттеуден кейін оның ақыл-есінде ешқандай ауытқушық жоқ деген тұжырымға келеді, қорытынды шығарады.
Дәрігерлердің қорытындысынан кейін жындыханаға жіберілмей өлім жазасына беру шешімі шығарылады.
Артынан ол шешім ауыстырылып өмір бойына абақтыға қамалсын деген шешім шығарылып, заңды күшіне енеді. Сотта болған кейбір қатысушылар естерінен танады.
Бұл оқиға жайында 17 жылдан кейін 1979 жылы Атыф Йылмаз есімді режиссер фильм түсіреді. Фильмдегі басты ролді сомдаушылар сол кездің атақты Тарык Акан мен Неджла Назыр.
Фильмдегі негізгі сұрақ дін мен қараңғы надандықтың ортақ байланысы. Фильмнің аты «Адак» (Аудармасы: Ант/Берілген Сөз/Клятва)
Қысқаша қорытынды; 3000 жыл бұрын «Аллаға берілген сөзім» деген оймен өз ұлын бауыздамақшы болсаң, пайғамбар боларсың…
Ал қазіргі таңда өз ұлын «Аллаға тартқан сыйым, берген сөзім, атаған құрбандығым» ниетімен бауыздамақшы болсаң ессіз, жындыхана пациенті не болмаса қанішер боласың…
Қараңғы надандық кезінен қалған мирасқа, саған айтылған әртүрлі ертегіге сенген, сол аңыз-ертегілерді дұрыс деп қабылдап ақылың мен есіңді, санаңды қолданбай соқыр сенімге сенген әңгүдік боларсың.
Ұлдарыңызға арап пен еврейдің аттарын қояр кезде ойланып қойыңдар…
Мамырбек ЕРҚАЛИЕВ, қоғам белсендісі.
Жазба әлеуметтік желіден алынды.
Фото көрнекілік үшін.