«Эй, салафит, өзіңе қарасаңшы!» деген оқырман діндар Тазабекті сөзбен түйреп жатыр

0
741

Мұхамеджан Тазабек жуырда ғана жамбасы жерге тиген атақты жазушы Мүхтар Мағауин туралы пікір білдіремін деп тағы да дауға қалды деп жазады Democrat.kz.

Бұған дейін түрлі діни уағыздарымен көпшілік сынына қалған Мұхамеджан Тазабекті әлеуметтік желі оқырмандары аямай сынап жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today. 

Ол ой-пікірін үш бөлімге бөліп жазған. Жазушының ұстанымын мақтай келе, соңында шетел асып, сүйегі жат жұртта қалған Мағауиннің шешімдеріне байланысты күдікке толы жазбалар қалдырған.

Әлеуметтік желі оқырмандары Мұхамеджан Тазабековтің facebook парақшасына түрлі пікірлер қалдырды. Бірі оның ойын дұрыс деп санаса, енді бірі керісінше өзіне қарсы жазбалар арқылы шабулыға шыққан.

Сынға алушылардың көбі Мұхамеджанның діншілдігін бетке басып, Мағауиннің діншілдіктен аулақ болу керек деген ойын көлденең тартып жатыр.

«Мұхаммеджан Тазабек, Мағауин атамыз қазақтан емес, сіз сияқты екіжүзді сайтандардан бас тартты. Биліктің сілімтігі боп жүрген діндарлар қаптап жатқасын, елден кетті. Өйткені, дін қуған елдің азып—тозатыны белгілі еді»,

«Дінді орынымен пайдалансаң ем, орынсыз пайдалансаң апиын деп ашық айтты. Сақалдарың сапсиып дінді афинға айналдырып жүрген сендер.

Сирияғада адам сатқан сендер. Қазақтың қара домбырасы арқылы таныла жүріп сол ұлттық аспапты ширик деп жүрген де сендер. Талақ айтып қатын тастап жүрген де сендер. Ел ішіне іріткі салатын сальафит те сендер»,

«Эй, салафит, өзіңе қарасаңшы, жұртты алдап жүрген», — деп жазды әлеуметтік желі оқырмандары.

Фото көрнекілік үшін.