Еркек мұғалімдерді көбейту керек

0
488

Мектептерде ер мұғалімдердің үлесі әйелдерге қарағанда басым немесе тең болғаны оқу-тәрбиеге жағымды ықпал етпек.

Мектептерде ер мұғалімдердің директор, директордың орынбасары болуына барынша мән берген жөн. Денешынықтыру, әскери білім, шеберхана оқытушылары ер мұғалімдерден болса, бұның өзі әсіресе ұл балаларға оң ықпал ететіні жөнінде пікірлер де аз айтылып жүрген жоқ.

Осындай жайтты ескерсек, «мектептерде ер мұғалімдер санын қалай көбейтуге болады?» дегендей сауал туындайды. Бұл мәселе тек біздің елімізде ғана емес, Ресейде, Батыс Еуропа елдерінде шешімі қиын болып келеді.

Ресейде мектептерде ер мұғалімдердің азаюының зардабы жөнінде 1960-1970 жылдардан бері педагогтар дабыл қағумен әлек. Алайда мұнан қорытынды шығар емес.

Жалпы оқу-тәрбиеде де, отбасында да ер азаматтардың өзіндік орны ерекше екенін мықтап ескеру қажет. Халқымыз «үш күндігін ойламаған әйелден без, үш жылдығын ойламаған еркектен без» деп бекер айтпаса керек. Мұның мәнісі әйел – тактик, еркек – стратег дегенге саяды.

Әйелдер бір сәттік, науқандық істерде қағілез болса, еркектер әр істің соңын, нәтижесін ойлауға бейім. Сондықтан еркектер әйелдерге қарағанда байсалды, баланың болашағына баса мән береді. Олардың кеңпейілділігі, әсіресе ұл балаларға ықпалы зор болмақ.

Кейбір педагогтар Қазақстан мектептерінде ер мұғалімдердің барған сайын сиреп бара жатқанына алаңдап дабыл қағуда…

P.S. Баланың мектептегі тәрбиесінде ер мұғалімнің ролі қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті деп ойлаймын. Гармония болған кезде бала жан-жақты дамиды.

Бағлан ЕСКЕРМЕС,

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.